Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,4 пайызға төмендеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Әлемдегі сауданың жалпылай тежелуі тұрғысында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 7,4 пайызға төмендеді», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беруі барысында.
Оның сөзіне қарағанда, Еуразиялық экономикалық одақ аясында сыртқы сауда айналымы 10 пайызға төмендеді.
«Басқа да өңірлік бірлестіктерде сауда қатысушы елдердің экономикалық белсендігінің басты ынталандырушысы болып отыр. Сондықтан сауданы барынша аймақтандыру Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі мақсаты болуы керек», - деді Б. Сұлтанов.