11 шіл, 2018 сағат 12:42

Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, күн ысиды

Синоптиктер 12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидрометтің мәліметінше, Солтүстік Қазақстанда  атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, Батыс Сібір арқылы ығысқан циклонның ықпалы сақталады.

Респубиканың оңтүстігінде кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Алайда ауа райының ең жоғары температурасы бұрынғыдай 40-43 градусқа дейін сақталады.