Фото: Егемен Қазақстан
Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қыстың алғашқы белгілері бастады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 11–13 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Елдің батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде антициклонның әсері біртіндеп әлсіреп, ауа райы жағдайлары циклонның ықпалымен қалыптаса бастайды. Атмосфералық фронттардың өтуі нәтижесінде республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар ел бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады.
Ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде төмендейді: түнде термометр бағаны -3…-10 °C дейін, күндіз -3…+5 °C дейін төмендейді. Басқа өңірлерде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
