Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстанның халықаралық қорының көлемі 2018 жылдың желтоқсан айында 88,628 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш қараша айымен салыстырғанда 0,97 пайызға өсіп, ал 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,79 пайызға азайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Ұлттық банкінің берген мәліметіне қарағанда, Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі желтоқсан айында 2,53 пайыз өсіп (өткен жылдың басынан бері 0,28 пайыз азайған), 30,909 млрд долларды құраған, соның ішінде таза халықаралық резерв 2,56 пайызға өсіп (-0,21 пайыз), 30,42 млрд доллар болған.
ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 0,16 пайызға (-1,05 пайыз) өсіп, 57,717 млрд долларды құрады. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің көлемі 16,518 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен айда 0,45 пайызға (ал өткен жылдың желтоқсанынан бері 10,71 пайыз азайған) өскен. Алтын валюталардың көлемі 6,17 пайызға (+15,15 пайыз) өсіп, 14,391 млрд долларды құрады.