28 қаз, 2025 сағат 10:48

Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарына 28 қазанға ауа райы болжамы

Фото: Ашық дереккөзден

Қазгидрометтің болжамы бойынша 28 қазанда Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарының кей біреуінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Астана қаласында күндiз ауа температурасы +9+11 °C көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман түсуі мүмкін, ауа температурасы -5-7 °C шамасында. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Алматыда күндiз, ауа температурасы күндіз +16+18 °C, көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын болады. Түнде +7+9 °C шамасында. Солтүстік-батыстан ұйытқитын желдің жылдамдығы: 3-8м/с.

Семейде күндiз ауа температурасы +8+10 °C, түнде -2-4 °C көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды. 

Қонаев қаласында күндiз ауа температурасы +16+18 °C көрсетсе, түнде +8+10 °C. Көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады.

Көкшетауда ауа температурасы күндiз +9+11 °C, ал түнде -2,-4 °C болады деп болжануда. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Ақтөбе қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндiз +13+15 °C, ал түнда шамамен +3,+5 °C болады. 

Атырау қаласында күндіз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +13 +15 °C шамасында, ал түнде ауа температурасы +8 +10 °C болады деп болжанып отыр. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 6-11 м/с.

Өскеменде ауа температурасы күндiз +6+8 °C, ал түнде 0,+2 °C шамасында. Күндіз көшпелі бұлтты, жаңбыр жаумайды, ал түнде жауын-шашын және қан күтілуде. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с болмақ.

Тараз қаласында көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай болады, күндіз ауа температурасы +15+17 °C шамасында, түнде +5+7 °C күтіледі, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Талдықорғанда ауа температурасы күндіз +17+19 °C көрсетеді, ал түнде +1+3 °C болады. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. 

Оралда күн бұлтты, жаңбыр және тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз +8+10 °C көрсетсе, түнде ауа температурасы +5+7 °C көрсетеді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20м/с.

Қарағанды қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +10+12 °C шамасында болса, түнде -1-3 °C көрсетеді.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +11+13 °C, түнде шамамен -1-3 °C. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7м/с шамасында.

Қызылорда қаласында күндіз ауа температурасы күндіз +17+19 °C шамасында, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде шамамен +3+5 °C көрсетеді.

Ақтау қаласында ауа температурасы күндіз +18+20 °C шамасында, түнде +8+10 °C шамасында. Оңтүстңк-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с шамасында.

Павлодар қаласында ауа температурасы күндіз +6+8 °C, ал түнде -1-3 °C шамасында. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады.

Петропавлда күндіз ауа температурасы +11+13 °C шамасында, ал түнде 1+1 °C көрсетеді деп болжануда. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. 

Түркістан қаласында күн ашық, күндіз ауа температурасы +20+22 °C көрсетеді деп болжанса, түнде+8 +10 °C болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 8-13 м/с болмақ. 

Шымкентте де күн жылы болады. Ауа температурасы күндіз +21+23 °C көрсетсе, түнде +8+10 °C шамасында. Күндіз көшпелі бұлтты, жаңбыр жауса, түнде жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 8-13 м/с шамасында. 

Жезқазған қаласында күндіз ауа температурасы +12+14 °C, ал түнде -1+1 °C шамасында. Жауын-шашын болжанып отырған жоқ. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 6-11 м/с деп болжанады.