23 қаз, 2025 сағат 10:11

Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарына 23 қазанға ауа райы болжамы


Фото: astanatv.kz
Қазгидрометтің болжамы бойынша 23 қазанда Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарының басым бөлігінде әзірге жауын-шашын болмайды, Оңтүстік өңірлерде күн жылы болады деп болжануда, деп хабарлайды Ult.kz.

Астана қаласында күндiз ауа температурасы +12+14 °C көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы -3-5 °C шамасында. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 7-12м/с.

Алматыда күндiз, ауа температурасы +19+21 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8+10 °C шамасында. Солтүстік-шығыстан ұйытқитын желдің жылдамдығы: 3-8м/с.

Семейде күндiз ауа температурасы +10+12 °C, түнде -4-6 °C көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды. 

Қонаев қаласында күндiз ауа температурасы +19+21 °C көрсетсе, түнде +6+8 °C. Көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды.

Көкшетауда ауа температурасы күндiз +7+9 °C, ал түнде 0,-2 °C болады деп болжануда. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с.

Ақтөбе қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашын болады, ауа температурасы күндiз +12+14 °C, ал түнда шамамен 0,+2 °C болады. 

Атырау қаласында күндіз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +14 +16 °C шамасында, ал түнде ауа температурасы +3 +5 °C болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз түнде 0-5, күндіз 6-10 м/с.

Өскеменде ауа температурасы күндiз +10+12 °C, ал түнде -4-6 °C шамасында. Жаңбыр жаумайды деп күтілуде. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 1-6 м/с болмақ.

Тараз қаласында күн жылы, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +22+24 °C шамасында, түнде +3+5 °C күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14м/с.

Талдықорғанда ауа температурасы күндіз +19+21 °C көрсетеді, ал түнде -1-3 °C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. 

Оралда күндіз күн бұлтты, жаңбыр және таңертең және түнде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз +9+11 °C көрсетсе, түнде ауа температурасы +3+5 °C көрсетеді. 

Қарағанды қаласында да көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +12+14 °C шамасында болса, түнде -1-3 °C көрсетеді.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +11+13 °C, түнде шамамен -0-2 °C. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14м/с шамасында.

Қызылорда қаласында күндіз ауа температурасы күндіз +20+22 °C шамасында, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде шамамен +6+8 °C көрсетеді.

Ақтау қаласында ауа температурасы күндіз +18+20 °C шамасында, түнде +9+11 °C шамасында. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с шамасында.

Павлодар қаласында ауа температурасы күндіз +9+11 °C, ал түнде -4-6 °C шамасында. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с шамасында.

Петропавлда күндіз ауа температурасы +6+8 °C шамасында, ал түнде -4-6 °C көрсетеді деп болжануда. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с болады.

Түркістан қаласында күн ашық, күндіз ауа температурасы +23+25 °C көрсетеді деп болжанса, түнде+5 +7 °C болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 5-10 м/с болмақ. 

Шымкентте де күн жылы болады. Ауа температурасы күндіз +24+26 °C көрсетсе, түнде +8+10 °C шамасында. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 3-8 м/с шамасында. 

Жезқазған қаласында күндіз ауа температурасы +13+15 °C, ал түнде +2+4 °C шамасында. Жауын-шашын болжанып отырған жоқ. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 5-10 м/с.