Қазақстанның Еуропа мемлекеттеріндегі құны 5 млрд доллар болатын акциялары бұғатталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Содружество» басылымына сілтеме жасап.
Молдавия бизнесмені Крис Уинанстың айтуынша, құны 22 млрд доллар болатын Ұлттық банк активтерінен бөлек, Еуропа елдеріндегі компанияларға тиесілі Қазақстанның үлесі бұғатталды. Осылайша голландиялық KMG Kashagan BV кәсіпкерлігіндегі «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорына тиесілі акциялар бұғатталды. Аталған акциялар арқылы Қазақстан құны 5,2 млрд доллар болатын Қашағанның (Shell, Eni, Exxon және Total кіреді) шыққан жерін зерттейтін ірі халықаралық консорциумға қатысатын.
Мұнымен қатар, Швецияның 33 мемлекеттік компаниясындағы (Volvo, Skanska, Electrolux, Nordea және тағы басқалар кіреді) Қазақстан акциялары бұғатталды. Аталған мемлекеттегі Қазақстан акцияларының жалпы құны 100 млн долларды құрайды.
Уинанстың айтуынша, осы акцияларға қатысты Қазақстан барлық экономикалық құқығынан айырылып отыр. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев өз кезегінде Bank of New York Mellon-ның бұл акцияларды заңсыз бұғаттағанын айтып, Қазақстанның бұл шешімге қарсылық білдіретінін жеткізді.