21 там, 2025 сағат 16:15

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ағымсалы Дүзелханов өмірден өтті

Фото: ҚР МАМ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелхановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Ағымсалы Дүзелханұлы – ұлттық бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, шығармалары арқылы халықтың рухы мен замана тынысын бейнелеген бірегей суретші. Ол жас буын суретшілердің кәсіби жолын айқындап, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосты.

Министрлік марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.