Фото: Pexels.com
Қазақстан экономикасына орта мерзімді кезеңге 3 миллион адамға жуық кадр қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды Ult.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, бұл кадрларға бүгінгі таңда сұраныс құрылымы анықталып қойылған. Олардың үштен бірін қызмет саласы алып отыр. Одан кейін тасымалдау мен тауарларды бөлу, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс тұр.
«Бұл деректерді кәсіптік стандарттарды бекіту, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, оқуға білім беру тапсырыстарын бөлу және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру кезінде ескеру қажет. Ол цифрландыру және демографиялық өзгерістер тұсында ерекше маңызды», — деп атап өтті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.
Бір мезетте цифрландырудың және технологиялық өзгерістердің салдарынан жаңа кәсіптер пайда болуда. Мәселен, әлеуметті тьютор, дрондар операторы, киберқауіпсіздік инженері, цифрлық репутация менеджері, жасанды интеллект маманы және басқалар.
