19 мам, 2022 сағат 23:12

Қазақстанның боксшы қыздары әлем чемпионатын алтын медальсыз аяқтады


Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын қазақстандық боксшылар алтын медальсыз аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел құрамасынан финалда Алуа Балқыбекова (48 келі) ғана сынға түсті. 

Ол түркиялық Айше Чагирирмен қолғап түйістірді. Жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласына есе жіберіп қойды. 

Осылайша әлем чемпионатын Алуа Балқыбекова күміс медальмен аяқтады.

Еске салсақ, жартылай финалда қарсыластарына жол берген Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ одан бұрын Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі) , Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) жарыс жолынан шыққан еді.