«Уимбилдон» ұйымдастырушылары жеребе тастау алдында таңдаулылар қатарындағы ойыншыларды таныстырды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Қазақстандық өкілдер арасынан жеңімпаздар қатарына елдің ең мықты тенисшісі Елена Рыбакина ғана кіре алды – ол әйелдер жеке разрядында 19-шы нөмірге ілінді.
Турнирдің негізгі жеребе тастау рәсімі бүгін, 24 маусымда өтеді.
Рыбакинадан басқа «Уимбилдонда» Қазақстанның атынан Юлия Путинцева мен Зарина Дияс ойнайды, ерлер тобында Александр Бублик пен Михаил Кукушкин бар. Ал біліктілікте Дмитрий Попко ойын көрсетіп үлгерді, бірақ ол жеңіліс тапты.