09 ақп, 2024 сағат 11:46

Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады

9 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік өңірлерінде қатты жауын-шашын болады.

Синоптиктердің болжамынша, өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда боран соғады.

Ақмола облысының шығысында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Абай облысының батыс және солтүстік, орталық аймақтарында, түнде Қостанай облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде жылдамдығы 30 м/с дейін қатты жел соғады деп күтіледі.