Жарты жылда Қазақстанға 144,3 млн долларға киім-кешек әкелінген, деп хабарлады finprom.kz.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 0,7%-ға төмен.
Сондай-ақ бірінші жартыжылдықтың көлемі бойынша барлық импортты киімнің 80%-ы Түркия, Бангладеш, Италия, Өзбекстаннан әкелінген. Бұдан басқа, аяқ-киім импорты 2 есеге ұлғайып, 108 млн долларды құрады. Түрік киімінің импорты 28%-ға азайып, 37,2 млн құрады. Қытай импорты 9%-ға ұлғайып, 33 млн долларды құрады. Бангладештен итальяндық киім тасу 45%-ға артып, 22 млн долларды құрады. Итальяндық киімді әкелу 23%-ға артып, 10,8 млн долларға жетті. Өзбекстаннан киім импорты 13%-ға азайды.
Әйелдер киімі көп жағдайда Түркия мен Қытайдан, ал ерлердікі Бангладештен әкелінеді. Балалар импортының 40%-дан астамы Бангладештен, 10%-ы Қытайдан, 1 - Италиядан тасымалданды.