«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2020 жылдың 1 наурызындағы негізгі көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстанның аса маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың алғашқы екі айында 283 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша азаматтардың зейнетақы жинақтары 11 триллионнан асып, екі айдағы өсім 3% жетті.
Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша қалыптасты және соңғы 12 айда 17%-ға ұлғайып, 10,8 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 257 млрд теңге (өсім 25%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеге (өсім 6%) жуық.
Айта кетейік, «БЖЗҚ» АҚ жарналарының барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны - 10 498 852 бірлік болды. Өткен жылдың наурыз айынан бастап өсім 3%. Жеке зейнетақы шоттардың басым бөлігін міндетті зейнетақы жарналары – 9,9 млн (өсім 3%), одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 514 мың шотты (өсім 6%) құрады. Ең үлкен өсім ерікті зейнетақы жарналары бойынша байқалды, 2020 жылдың 1 наурызына БЖЗҚ-да 55 221 шот болды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 12% жоғары.
Зейнетақы қорының техникалық шарттар бойынша жұмысын атап өту маңызды. Бұған сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-лары жатады, мұндай шоттарда жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоқ, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты мен туған күні бойынша қате деректемелер көрсетілген (ЖСН жоқ ЖЗШ). 2019 жылғы 1 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейін БЖЗҚ қызметкерлері осындай 20 мыңнан астам шоттарды анықтап, олардың жалпы санын 11% қысқартуға қол жеткізілді. Осылайша ағымдағы жылдың 1 наурызына БЖЗҚ-да 186,8 мың техникалық шарт қалып отыр.
Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы орташа жинақ көлемі (техникалық шарттарды есепке алмағанда) 1,11 млн.теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% көп.
2020 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 175,2 млрд. теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың алғашқы 2 айындағы көрсеткіштен 20% артық. Төлемдер 32,1 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасына байланысты (12,2 млрд теңге), Қазақстанан кету бойынша (8,4 млрд. теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (5,4 млрд теңге), мұрагерлерге (5,2 млрд теңге) берілген төлемдерден тұрады. Салымшылардың шоттарына аударылған таза инвестициялық кіріс 139,9 млрд теңге мөлшерінде есепке алынды.