Ұлттық валютада несие алу көлемі бір ай ішінде 0,3 пайызға, яғни 9 346,2 млрд теңгеге көбейді. Банктердің несие беру көлемі өзгерген жоқ десе де болады. Ақпан айының аяғында несие беру көлемі 12 546,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық Банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылы ақпанда заңды тұлғаларға берілген несие көлемі 0,2 пайызға төмендеп, 8 006,3 млрд теңге болды. Ал жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 0,4 пайызға өсіп, 4 540,3 млрд теңгені құрады.
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие көлемі бір ай ішінде өзгерген жоқ. Олардың көлемі 10 684,8 млрд теңге және 1 861,8 млрд теңгені құрады.
Шағын кәсіпкерлікті несиелеу 2,1 пайызға қысқарып, 2 719 млрд теңгені құрады.
Салалық бөліністе экономикаға берілген банктік несиелердің ең үлкен көлемі сауда (жалпы көлемдегі үлесі - 15,6%), өнеркәсіп (15,3%), құрылыс (7,3%), ауыл шаруашылығы (5,3% %) және көлік (4,4%) саласына берілді.