23 жел, 2019 сағат 14:50

Қазақстандықтар жыл басынан бері дүкен мен базарларға қанша ақша шығындады

2019 жылдың қаңтар-қараша айларындағы бөлшек сауда көлемі 10 млрд теңгеге жетті.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға артық. Ал нақты көлем индексі 105,6%-ды құраған (бір жыл бұрын – 106,4% болды), деп хабарлайды ranking.kz.

Бөлшек сауданың меншікті салмағы 30,7%-ды құрады (бір жыл бұрын 31% болған).

Бөлшек сауда көлем бойынша 2017 жылдың желтоқсанында алғаш рет триллион теңгеге жеткен болатын, содан кейін 2018-дің желтоқсанында, ал 2019 жылы триллион теңге үш рет еңсерілді – шілде, тамыз және қыркүйек айларында, сонымен қатар тамыз айында жалпы көлем 1,1 трлн теңгеге жетті.

Бөлшек сауда көлем бойынша биылғы желтоқсанда да триллион теңгеге жетеді, өйткені желтоқсанда жыл ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш байқалады.

ҚР аймақтары бойынша 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы бөлшек сауданың ең үлкен көлемі Алматы – 3,1 трлн теңге (ФКИ – 112%) және Нұр-Сұлтан қаласына - 1,1 трлн тг (ФКИ – 104,6%) тиесілі. Қазақстандағы барлық ресми бөлшек сауда орындарының 42,7% осы екі қаланың еншісінде. Одан кейінгі орындарда Қарағанды облысы тұр.

Сауда көлемінің өсуі Қазақстанның барлық аймақтарында байқалған, ең төменгі көрсеткіштер елдің батысында: Атырау облысы (ФКИ – 100,3%), Батыс Қазақстан облысы (ФКИ - 100,4%), Маңғыстау (ФКИ - 100,4%), сонымен қатар Ақтөбе облысында (ФКИ - 100,7%).

Бөлшек сауданың екіден үш бөлігі, яғни 6,7 трлн тг азық-түлік тауарларына жатпайды, жылдық өсімі - 11,6%, ал қалған 3,3 трлн тг азық-түлік өнімдері, жылдық өсімі - 14,4%.