12 там, 2025 сағат 11:40

Қазақстандықтар таңдаған «100 кітап»: үздік шығармалар тізімі жарияланды

Фото: ашық дереккөз

Биыл 23 сәуірде басталған «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Ult.kz.

Сауалнамаға eGov.kz электронды үкімет порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы әрбір азамат өзіне ұнайтын он қазақстандық кітапты тізімдеп, қатыса алды. Сондай-ақ қазақстандық ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері де сауалнамаға белсене қатысты. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі сауаланаманы қорытындылап, көпшілік сүйіп оқитын 100 кітаптың тізімін жариялады. Олар келесідей:

1. Абай Құнанбайұлы — «Өлеңдері мен қара сөздері»
2. Шәкәрім Құдайбердіұлы — «Еңлік-Кебек»
3. Міржақып Дулатұлы — «Бақытсыз Жамал»
4. Жүсіпбек Аймауытов — «Ақбілек»
5. Сұлтанмахмұт Торайғыров — «Қамар сұлу»
6. Мағжан Жұмабаев — «Мен жастарға сенемін»
7. Бейімбет Майлин — «Шұғаның белгісі»
8. Ілияс Жансүгіров — «Құлагер»
9. Сәкен Сейфуллин — «Асау тұлпар»
10. Мұхтар Әуезов — «Абай жолы»
11. Максим Зверев — «Кладовая чудес»
12. Сәбит Мұқанов — «Менің мектептерім»
13. Ғабит Мүсірепов — «Ұлпан»
14. Ғабиден Мұстафин — «Дауылдан кейін»
15. Әбу Сәрсенбаев — «Ақша бұлт»
16. Әбділдә Тәжібаев — «Аралдар»
17. Бауыржан Момышұлы — «Ұшқан ұя»
18. Қасым Аманжолов — «Дариға, сол қыз»
19. Дмитрий Снегин — «Утро и два шага в полдень»
20. Қалижан Бекхожин — «Кешкі жаңғырық»
21. Саттар Ерубаев — «Менің құрдастарым»
22. Ілияс Есенберлин — «Көшпенділер»
23. Хамит Ерғалиев — «Шер толғау»
24. Иван Шухов — «Пресновские страницы»
25. Тәкен Әлімқұлов — «Қараой»
26. Жұбан Молдағалиев — «Кісен ашқан»
27. Әзілхан Нұршайықов — «Махаббат қызық мол жылдар»
28. Сырбай Мәуленов — «Алыс кетіп барамын»
29. Кемел Тоқаев — «Түнде атылған оқ»
30. Тахауи Ахтанов — «Шырағың сөнбесін»
31. Морис Симашко — «Емшан»
32. Әбдіжәміл Нұрпейісов — «Қан мен тер»
33. Бердібек Соқпақбаев — «Менің атым Қожа»
34. Қуандық Шаңғытбаев — «Ар»
35. Ғафу Қайырбеков — «Жұлдызды тағдырлар»
36. Қалтай Мұхамеджанов — «Көктөбедегі кездесу»
37. Нәсіреддин Сералиев — «Дәукен атаның немерелері»
38. Әнуар Әлімжанов — «Возвращение учителя»
39. Мұқағали Мақатаев — «Аманат»
40. Болат Жандарбеков — «Саки»
41. Шерхан Мұртаза — «Ай мен Айша»
42. Ақан Нұрманов — «Құланның ажалы»
43. Әкім Тарази — «Қорқау жұлдыз»
44. Сафуан Шаймерденов — «Инеш»
45. Герольд Бельгер — «Дом скитальца»
46. Сәкен Жүнісов — «Ақан сері»
47. Оспанхан Әубәкіров — «Ымды білесіз бе?»
48. Сағи Жиенбаев — «Бақ құсы»
49. Жұмекен Нәжімеденов — «Менің Қазақстаным!»
50. Қалихан Ысқақ — «Қоңыр күз еді»
51. Тұманбай Молдағалиев — «Қош, көктем!»
52. Қадыр Мырза Әли — «Ой орман»
53. Сайын Мұратбеков — «Жабайы алма»
54. Қабдеш Жұмаділов — «Соңғы көш»
55. Олжас Сүлейменов — «Аргамак»
56. Марфуға Айтхожина — «Аққу жүрек»
57. Төлеген Айбергенов — «Бір тойым бар»
58. Әнес Сарай — «Ақ тымық күн»
59. Асқар Сүлейменов — «Бесатар»
60. Өтежан Нұрғалиев — «Соғыстың соңғы жазы»
61. Әбіш Кекілбайұлы — «Үркер»
62. Фариза Оңғарсынова — «Дауa»
63. Мұхтар Мағауин — «Аласапыран»
64. Кәдірбек Сегізбаев — «Беласқан»
65. Исраил Сапарбай — «Аққу арман»
66. Бексұлтан Нұржекеев — «Әй, дүние-ай»
67. Софы Сматаев — «Елім-ай»
68. Дулат Исабеков — «Қарғын»
69. Қажығали Мұханбетқали — «Тар кезең»
70. Төлен Әбдік — «Парасат майданы»
71. Мұхтар Шаханов — «Танакөз»
72. Оралхан Бөкей — «Атау кере»
73. Жәркен Бөдеш — «Жұлдызтас»
74. Ақұштап Бақтыгереева — «Ана әлдиі»
75. Темірхан Медетбек — «Көк түріктер сарыны»
76. Жұматай Жақыпбаев — «Ләйлә»
77. Кеңшілік Мырзабеков — «Іңкәр дүние»
78. Күлаш Ахметова — «Құт»
79. Валерий Михайлов — «Хроника великого джута»
80. Тынымбай Нұрмағанбетов — «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс»
81. Смағұл Елубай — «Ақ боз үй»
82. Иранбек Оразбаев — «Қорқыттың көрі»
83. Нұрлан Оразалин — «Жетінші құрлық»
84. Жарасқан Әбдірашев — «Дала сенің ұлыңмын»
85. Дидахмет Әшімханұлы — «Самырсын сазы»
86. Несіпбек Айтұлы — «Дариға, дәурен»
87. Серік Ақсұңқарұлы — «Адам ата - Һауа ана»
88. Мейірхан Ақдәулетұлы — «Дәруішнама»
89. Әлібек Асқаров — «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді»
90. Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — «Ақшам хаттары»
91. Ұлықбек Есдәулет — «Киіз кітап»
92. Таласбек Әсемқұлов — «Талтүс»
93. Рақымжан Отарбаев — «Біздің ауылдың амазонкалары»
94. Есенғали Раушанов — «Бозаңға біткен боз жусан»
95. Тұрсынжан Шапай — «Қазақтың жаны»
96. Ғалым Жайлыбай — «Жаратқанның жазуы»
97. Жүсіпбек Қорғасбек — «Жансебіл»
98. Светқали Нұржан — «Ай таралған түн»
99. Роза Мұқанова — «Мәңгілік бала бейне»
100. Гүлнар Салықбай — «Жан»