фото: almaty.tv
Республика күні — Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке. Ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке 1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның құрметіне енгізілген, деп хабарлайды Ult.kz.
2022 жылдан бастап Республика күні демалыс күні болып белгіленген.
2025 жылы 25 қазан сенбіге түсетіндіктен, демалыс дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады:
25 қазан (сенбі) – Республика күні;
26 қазан (жексенбі) – демалыс;
27 қазан (дүйсенбі) – ауыстырылған демалыс күні.
Ал алты күндік жұмыс аптасында тек екі күн демалыс болады:
25 қазан (сенбі) – демалыс;
26 қазан (жексенбі) – демалыс;
27 қазан (дүйсенбі) – жұмыс күні.
