25 қыр, 2024 сағат 11:28

Қазақстандықтар Қытайдан 27 мың көлік сатып алды

Фото: pexels.com

Биыл шетелден әкелінген көліктер саны 10 мыңға көбейген. Бұл туралы 24.KZ хабарлады.

Былтырдың алғашқы 5 айында елге 48 мың көлік кірсе, биыл осы уақыт аралығында 58 мыңнан астам темір тұлпар жеткізілген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша импортталған көліктің жартысына жуығы Қытай өндірісіне тиесілі. Қазақстандықтар шығыстағы көршімізден 27 мың көлік сатып алды.

Импорттың 20%-ін иеленген АҚШ екінші сатыда.

Одан кейінгі орындарда Жапония мен Оңтүстік Корея тұр.

Әкелінген автокөліктің 15%-і жапондардың, 9%-і корейлердің еншісінде. Ал Ресей 5%-тік үлеспен бестікті түйіндейді.