01 қаң, 2026 сағат 14:36

Қазақстандықтар қаңтарда қай күндері демалады


Фото: martebe.kz

Жаңа жылдың басталуы әдеттегідей мерекелік демалыс күндерімен қатар келеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Қаңтар айындағы жұмыс және демалыс күндерінің тәртібі жұмыс аптасының ұзақтығына қарай төмендегідей белгіленген.

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша:

1–2 қаңтар — Жаңа жыл мерекесіне орай демалыс күндері;
3–4 қаңтар — демалыс;
5–6 қаңтар — жұмыс күндері;
7 қаңтар — Рождество мерекесіне байланысты демалыс.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

1–2 қаңтар — мерекелік демалыс;
3 қаңтар — жұмыс күні;
4 қаңтар — демалыс;
5–6 қаңтар — жұмыс күндері;
7 қаңтар — Рождество мерекесіне орай демалыс күні.