Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан қоржынында 12 медаль бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жас боксшылар Дубай төрінде сегіз алтын жеңіп алды. Сондай-ақ, былғары қолғап шеберлері екі күміс, екі қола еншіледі.
Алтын жүлдегерлер: Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Әбдіғали Әбдікерім (57 келі), Ерасыл Ермек (60 келі), Ернұр Сүйінбай (63,5 келі), Абзал Серік (67 келі), Бақберген Әлиасқаров (75 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі).
Ал, Мәди Әміров (92 келі) пен Даниял Сапарбай (+92 келі) күміс жүлдегер атанса, Арман Алматұлы (71 келі) мен Дәурен Мамыр (82 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.