Қазақстандық теннисшілердің әйелдер арасындағы Уимблдон турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 59-орында тұрған франциялық Кристина Младеновичпен шеберлік байқасады.
Рейтингте 101-сатыдағы Зарина Дияс әлемнің 61-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен кездеседі.
Кеше Елена Рыбакина тартысты матчта осы А.Севастованы жеңген болатын.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.