Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) спортшылардың жеке және жұптық сындағы рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші орынды Сербия спортшысы Новак Джокович сақтап қалды, екінші орында – ресейлік Даниил Медведев тұр, үздік «үштікті» Грекия теннисшісі Стефанос Циципас түйіндеген.
Рейтингінің үздік «жүздігіне» Қазақстаннан жалғыз өкіл енген – Александр Бублик бұрынғыша 39-шы орында тұр. Михаил Кукушкин бір саты жоғары көтеріліп, 131-ші орынға тұрақтады, Дмитрий Попко тізімде 181-ші орында.
Жұптық сында Андрей Голубев 35-ші орыннан 36-ға түсті, Бублик те бір саты төмен – 49-шы орынға тұрақтаған, Александр Недовесов 84-ші, Михаил Кукушкин — 133-ші орынды сақтап қалды. Рейтингіде Хорватия спортшылары Мате Павич пен Никола Мектич, сондай-ақ франциялық теннисші Николя Маю көш бастап тұр.