Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Загреб (Хорватия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Осы жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Недовесов пен Голубев ширек финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко - чилилік Алехандро Табиломен кездесуі керек еді.
Әйтсе де қарсыластары ойынға келмей қалды да, қазақстандықтар жартылай финалға өтті.
Жартылай финалда Польша өкілдері Шимон Вальков - Ян Зелинскимен шеберлік байқасты.
Қазақстандық жұп 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке сағат жарымға созылды.
Недовесов пен Голубев финалда америкалықтар Эван Кинг - Хунтер Рис немесе монаколық Ромен Арнеодо - франциялық Альбано Оливетти жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.
Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов Түркиядағы Анталия ITF жарысының ширек финалында аустриялық Александр Эрлерге 6:4, 2:6, 1:6 есебімен есе жіберді.