Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан теннис федерациясы мәліметіне сүйенсек, ерлер арасында ел құрамасының үздігі Александр Бублик 38-ден 37-ге жоғарылаған.
Сөйтіп ол өзінің рекордтық көрсеткішіне қайта оралды. Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин де бір саты көтеріліп, қазір 129-орында тұр.
Жұптық сында Андрей Голубев 36-орнын сақтап қалса, Александр Недовесов 84-тен 82-ге ауысты.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір сатыға кейін сырғып, 20-орында келеді. Ал Юлия Путинцева 35-тен 33-ке, Зарина Дияс 112-ден 110-ға жоғарылады.