Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғарылады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 39-дан 38-ге, сондай-ақ Михаил Кукушкин 131-ден 129-ға, Дмитрий Попко 181-ден 176-ға көтерілді.
Жұптық сында қазақстандық теннисшілер өз орындарын сақтап қалды. Қазіргі кезде Андрей Голубев 36-шы, А.Бублик 49-шы, Александр Недовесов 84-сатыда тұр.