28 ақп, 2022 сағат 15:36

Қазақстандық теннисші рекордын жаңартып, WTA рейтингінің ТОП-20-на кірді


Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жалғыз және жұптық разрядтағы жаңа нұсқасы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын аустралиялық Эшли Барти сақтап қалды, екінші орынға чех спортшысы Барбора Крейчикова шықты. Ол беларусь Арина Соболенконы үшінші орынға ығыстырды. 

Қазақстанның мықты өкілі Елена Рыбакина 20-орында қалды, Юлия Путинцева алты орын жоғалтып, 45-ші орынға түсті. Зарина Дияс алғашқы жүздікке жақындады – 109 орында. 

Жұптық разрядта алғашқы үштікте Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова (екеуі де – Чехия), сондай-ақ бельгиялық Элизе Мертенс тұр. 

Қазақстандық Анна Данилина жеке рекордын тағы жаңартып, 20-орынға шықты. Рыбакина бір орын жоғалтып, 49-шы орынға жайғасты.