11 мау, 2021 сағат 19:33

Қазақстандық теннисші Братиславадағы турнирдің финалына шықты


Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда бразилиялықтар Орландо Луж – Рафаэль Матоспен кездесті. 

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті. 

Бәсеке 1 сағаттан астам уақытқа созылды. 

А.Недовесов пен Д.Молчанов финалда нидерландылық Сандер Арендс – венесуэлалық Луис-Давид Мартинеспен бас жүлдені сарапқа салады. Бұл жұп жартылай финалда тунистік Малик Жазири – словениялық Блаж Роланы 6:4, 6:1 есебімен қапы қалдырды.