09 ақп, 2022 сағат 20:36

Қазақстандық шорт-трекші Тихонова Олимпиада жарысынан шеттетілді


Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден іріктеу бәсекелері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Ольга Тихонова сынға түскен болатын. Ол жарыс барысында қарсыласына соқтығысып, құлап қалды. Осы себепті төрешілер Тихонованы жарыстан шеттетті.

Десе де, ол аталған қашықтықты 1 минут 56 секундта жүгіріп өтті.

Енді қазақстандық спортшы 16 ақпан күні 1500 метрге жүгіруден сынға түседі. Демек, әлі де жүлдеге таласуға мүмкіндігі бар.

Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен 9 медаль жиынтығы сарапқа салынады.