Қазақстандық паратаэквондошы, әлемнің екі дүркін чемпионы Нышан Өмірәлі Токиодағы Паралимпиада-2020 ойындарындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
1/8 финалда 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Өмірәлінің қарсыласы Коста-Рикадан келген спортшы Андрес Эстебан Молина болды. Кездесу 12:6 есебімен Молинаның жеңісімен аяқталды. Ол негізгі жарыстағы ойынын жалғастырады, қазақстандық спортшы қола медаль үшін жұбаныш турниріне қатысады.
Еске сала кетейік, аталған Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бес медаль, атап айтқанда, бір алтын, үш күміс және бір қола алды. Жарыс 5 қыркүйекте аяқталады.