29 қаз, 2021 сағат 11:12

Қазақстандық өрт сөндіруші кикбоксингтен әлем чемпионатында қола жүлде алды


Шығысқазақстандық өрт сөндіруші Италияда өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, азаматтық қорғау аға сержанты Берік Қалықов Семей қаласындағы №40 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейді. 

«26 жастағы өрт сөндіруші үнемі спортпен айналысып келеді. 15-24 қазан аралығында Италияда кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатында өнер көрсетіп келді. Жарысқа 65 елден 1600 спортшы қатысты. Берік Қалықов Қазақстан намысын қорғап, қола жүлдегер атанды», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Ол төтенше жағдайлар жүйесінде 2016 жылдан бастап қызмет етеді. 

Сол уақыттан бері 13 өртті сөндіріп, 20 адамды құтқарған.