Фото: Pexels.com
Енді оларды сторис, рилс және жарияланымдарға қосуға болады, деп хабарлайды Ult.kz.
"Бүгін біз келісімнің қол қойылғанына қуана хабарлаймыз. Келісімнің мерзімі – екі жыл. Meta және «Қазақстан авторлық қоғамы» қоғамдық ұйымы қазақстандық музыканы пайдалану мәселелерін толықтай шешіп, келісімге келді", – деді Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымы Шолпан Әбдреева Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Бұл мәселелер өткен жылдың қараша айында авторлық құқықтардың реттелмеуі салдарынан туындаған еді.