07 там, 2021 сағат 14:05

Қазақстандық каратэші жартылай финалға шықты, қоржынға сегізінші медаль түседі


Каратеші Софья Берульцева Токио Олимпиадасындағы жеңісті жолын жалғастыруда. Ол үшінші кездесуден соң мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты. 


Кейін түрік спортшысымен тең түсіп, үшінші жекпе-жекте әзірбайжандық Ирина Зарецкаядан 5:4 есебімен басым түсті. Осылайша, 5 ұпаймен мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. Бұл кем дегенде қола жүлде қоржында екенін білдіреді. 

Жартылай финал елорда уақытымен 16:20-де өтеді.