11 сәу, 2022 сағат 11:14

Қазақстандық гимнаст әлем кубогінде қола медаль алды


Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

София (Болгария) көркем гимнастикадан әлем кубогі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева аталған әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды. 

Ол ұршықпен жаттығу бойынша финалда 28,7 ұпайын еншіледі. 

Айта кетерлігі, болгариялық Стильяна Николова жарыс жеңімпазы атанса, итальяндық София Раффаэли күміспен күптелді.