Фото: sport24.ru
Қазақстандық футболшылар Еуро-2024 іріктеуінде Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар-24.
Оның айтуынша, қазақстандық аяқдоп шеберлері үшін жанкүйерлер мен халықаралық сарапшылардың берген бағасы маңызды.
"Қаржылай сыйақыға келетін болсақ, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Алайда футболшылар үшін бұл жеңістің өзі – қандай да бір ақшадан қымбат. Себебі біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе жанкүйерлеріміздің қолдауы мен берген бағасы маңызды" - дейді Магомед Адиев.