Жанкүйерлер Ислам Далаев ретінде білетін 29 жастағы алматылық «Қайрат» футбол клубының экс-ойыншысы Станислав Лунин қайты болды.
Бұл туралы «Қайрат» клубының Instagram-дағы ресми парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Станислав Лунин кәсіби мансабын 2011 жылы бастап, «Восток», «Шахтер» және «Ертіс» командаларында ойнаған. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен кездері болды. «Қайрат» сапында 2014-2018 жылдар аралығында доп теуіп, 91 ойын өткізіп, 3 гол соққан.
«Қайрат» футбол клубы Станиславтың отбасына, оның барлық туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қайғыларыңызға ортақпыз» - деп жазылған клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында.