©PFL
Қазақстандық ММА шебері Зәмзәгүл "Бопай" Файзолланова (7-2) америкалық PFL лигасында Бразилиядан келген Ларисса Пачекомен (16-4) кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Алғашқы раундта бірнеше ауыр соққы өткізген отандасымыз қарсыласына қарсы қауқарсыз болды. Нәтижесінде айқас нокаутпен аяқталды.
"Бопай" 2015-2018 жылдар аралығындағы кәсіпқой карьерасында жиі жекпе-жек өткізіп, кейін үш жыл үзіліс алды. 2021 жылы қайта бабына келіп, өзбекстандық Хожинисо Комолдинованы төрешілердің шешімімен жеңген еді.
Ал Ларисса Пачеко болса 15 кездесуінің он төртін уақытынан бұрын жеңіп келген UFC промоушнының бұрынғы өкілі. PFL лигасында алты айқастың тек екеуінде ғана лига чемпионы Кайла Харрисонға есе жіберген.