Фото: instagram/sportbasqarmasy_kst
Спорттық гимнастикадан спорт шебері, дарынды спортшы Аян Молдағалиев 22 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қостанай облысының спорт басқармасы мәліметінше, жас спортшы 6 маусымда қайтыс болған. Қайғылы оқиғаның себептері туралы ақпарат жоқ.
"Өкінішке қарай, 22 жасында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері Аян Молдағалиев өмірден озды. Ол спорттық мансабында елеулі табыстарға жетіп, танымал спортшы болды.
Оның беделді іс-шараларға қатысуы, тамаша спорттық шеберлігі мен гимнастиканы толық меңгергенін көрсетеді. Оның таланты, еңбекқорлығы мен спортқа деген адалдығы Қазақстанның көркем гимнастика тарихында өшпес із қалдырды.
Оның күтпеген жерден қайтыс болуы бүкіл спорт қоғамдастығы үшін ауыр қаза және жақындарының, достарының және жанкүйерлерінің жүрегінде ауыр өкініш қалдырды.
Оның есімі мен жетістіктері спортқа шын берілгендігінің үлгісі ретінде спортшыны сыйлаған және құрметтеген халықтың мәңгілік жүрегінде сақталады", - деп хабарлады басқарма.
Аян спорттық мансабын 2007 жылы бастап, кейін Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды.
Аян 2018 жылы Индонезияда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанса, Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында алтыншы орынға ие болды.
"Мен нашар өнер көрсеттім. Мұны қойылым деуге болмайды. Қарапайым тәсілде құлап қалдым. Мен кішкене асықтым. Өкінішті әрине. Көңіл-күйім жақсы еді. Мен жай ғана қобалжыдым.
Әдетте бізде біліктілік бар. Келесі апта немесе күнара финалдар бірден басталады. Ал мұнда екі-үш күн. Бұл тым көп. Енді гимнастикалық қоссырықта финал өтеді. Барлығын таза орындауға тырысамыз. Менің сүйікті құралым - ат пен қоссырық", - деді Аян Аргентинадағы олимпиада да көрсеткен өнері туралы.
2019 жылы Молдағалиев әлем кубогының финалына шығып, үздік бестікке енді.
"Аян жақсы жұмыс жасады. Ол бәрін жасады. Бірақ әлі де база жеткіліксіз. Дегенмен, оның қойылымына көңіліміз толды", - деді ұлттық құраманың бас бапкері Александр Ким Olympic.kz сайтына.
22 жастағы Аян Молдағалиев гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болған.