31 там, 2021 сағат 20:56

Қазақстандық боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатында техникасы ең мықты спортшы атанды


Қазақстандық боксшы Елнұр Сүйінбай Дубайда (БАӘ) өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында техникасы ең мықты спортшы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сүйінбай ақтық айқаста үндістандық Ваншаджбен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңімпаз атанған еді.

Қазақстанның ерлер арасындағы жастар құрамасы (2003-2004жж.) біріншілікте 12 медаль жеңіп алды: сегіз алтын, екі күміс және екі қола.  

Медаль саны бойынша екінші орында Өзбекстан – оларда жеті медаль бар (үш алтын, үш күміс және бір қола). Үшінші орында Үндістан тоғыз медальмен (екі алтын, үш күміс және төрт қола) тұр.