Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев кәсіпқой рингтегі жеңісінен кейін BoxRec рейтингінде көтеріліп, Батыр Жүкембаевты басып озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Жартылай орта салмақтағы Мәдиев 63-орыннан 22-орынға көтеріліп, 23-орындағы Жүкембаевты бір сатыға ығыстырды.
Мәдиев соңғы рет мексикалық Луис Рамоспен (21-1, 19 КО) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақтағы айқас тоғыз раундқа жоспарланды және ол соңына дейін өтті. Мәдиев төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Руслан Мәдиев профи-бокстағы мансабында 14-інші рет жеңісін тойлады. Ал Луис Рамос екінші рет жеңіліп отыр.
Айта кету керек, Мәдиев – Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының клиенті, аталған компания ұзақ уақыт бойы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұмыс істеген.