Қазақстандық спортшы Наталья Сергеева байдарка есуден Олимпиаданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Токиода байдарка мен каноэде есуден жарыстар жалғасып жатыр.
Әйелдер арасында байдаркада есуден 500 м қашыққа Қазақстан сапынан Наталья Сергеева қатысты. Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ол тиісті қашықты 2:01.374 уақытта бағындырып, жетінші орын иеленді. Мұндай көрсеткіш отандасымыздың ширек финалда сынға түсуіне мүмкіндік береді.