Өткен жылы Қазақстанның тауар айналымы 139,8 млрд доллар болды. Бұл жайында ұлттық статбюро хабарлады.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 139 833,4 млн долларды құрады.
Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 3,2% артық.
Оның ішінде:
Экспорт – 78,6 млрд доллар (7% аз)
Импорт – 61,1 млрд доллар (20,1% көп)
Негізгі серіктес елдер
Экспорт бойынша
Италия – 18,9%
Қытай – 18,7%
Ресей – 12,4%
Нидерланд – 5,2%
Түркия – 5%
Корея Республикасы – 4,8%
Импорт бойынша
Қытай – 27,4%
Ресей – 26,5%
Германия – 5,2%
АҚШ – 4,2%
Корея Республикасы – 3,6%
Түркия – 3,3%