01 мау, 2020 сағат 21:00

Қазақстандағы банктер сәуір айында 2 млн-ға жуық төлем картасын шығарды

Жыл басынан бастап қазақстандық төлем картасы нарығында өсім байқалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың алғашқы төрт айының сонында айналымда 37,8 млн төлем картасы тіркеліп, оның 54% (20,5 млн) белсенді қолданылды. Сәуір айында эмитенттермен 2 млн-ға жуық төлем картасы шығарылған. Бұл төлем картасының 45% Алматы қаласының айналымында (891 мың бірлікке жуық). Ал аймақтарда төтенше жағдай кезінде шығарылған төлем картасының саны орташа есеппен 70 мыңнан асады», делінген хабарламада 

2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 96,3 мың кәсіпкер 133,1 мың сауда орындарында 160,7 мың POS-терминал орнатқан. 

Қазақстан аумағында 12 мың банкомат жұмыс істеп, оның 1,5 мыңы клиенттердің биометриялық идентификациялау функциясын қолдайды.