Қазақстанда жыл басынан бері инфляция деңгейі 5,6 пайызды құрады деп хабарлады ұлттық экономика министрлігі. Ресми ақпаратқа қарағанда, соңғы тоғыз айда азық-түлік тауарларының бағасы бес пайызға, азық-түлік емес тауарлар бағасы - 6,8 пайызға, ақылы қызметтер - 5,3 пайызға қымбаттаған.
Өткен жылдың желтоқсанынан бері жарма бағасы 32,5 пайызға, шәй - 25,8, қант - 22,4, нан - 16,1 пайызға, кондитерлік өнімдер мен өсімдік майы - 11 пайыздан астамға қымбаттаған делінген министрлік баспасөз қызметінің ақпаратында.
Денсаулық сақтау қызметтерінің бағалары сегіз пайызға, білім беру қызметі алты пайызға қымбаттаған. Алыс қашықтыққа арналған теміржол да жолаушы билеттерінің құны 12,5 пайызға, әуе тасымалы билеттерінің құны 11,8 пайызға, қалаішілік қоғамдық көліктердегі тасымал бағасы 8,4 пайызға қымбаттаған.
Фармацевтикалық өнімдердің бағалары 14,4 пайызға, дизель отыны 27,3 пайызға, баллондағы сығымдалған газ бағасы 17,5 пайызға артқан.
Ұлт порталы