18 там, 2025 сағат 17:29

Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиацияға жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі

Фото: Dknews.kz

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ елде ұшу қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған қосымша шараларды қолға алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылғы 22 маусым мен 17 тамыз аралығында болған авиациялық оқиғаларға қатысы бар әуе кемелерін пайдаланушылардың қызметі уақытша тоқтатылды.

Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттарына тиесілі 49 әуе кемесі жоспардан тыс тексеруден өтеді. Бұдан бөлек, жеңіл және аса жеңіл ұшақтардың ұшу жарамдылығын бағалайтын ұйымдардың жұмысы да назарға алынады.

Авиациялық әкімшілік бұл шаралар әуе қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал тәуекелдердің алдын алуға бағытталғанын атап өтті.