02 там, 2017 сағат 13:26

Қазақстанда жалақының нақты құны төмендеді

Қазақстандықтардың нақты жалақылары төмендеуде. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында жалдамалы жұмысшылардың жалақыларының сатып алу қабілеті өткен жылғы деңгейімен салыстырғанда 2,9 пайызға қысқарды. Бұл туралы Ranking.kz сайты хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстандағы жалақы құнының жылдық құлдырауы 2 пайызды құраған болатын. Бұл ретте Қазақстан тұрғындарының орташа айлық атаулы жалақылары 4,4 пайызға өсті. Бірақ негізгі тұтыну тауларлары мен қызметтер бағасының өсімі жоғары болды. Соның салдарынан елдегі еңбек табысының нақты құны төмен болып отыр. Жалдамалы жұмыстың ұлттық нарығы көлемі жағынан қайта қалпына келуге тырысуда. Алайда  өсім барынша әлсіз жүруде. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында Қазақстандағы жалдамалы жұмысшылардың нақты саны 3,5 млн адамды құрады. Бұл бір жыл бұрынғы сан деңгейінен 1,5 пайызға жоғары.

Айта кетерлігі, өткен жылы еңбек нарығының көлемі күрт қысқарып, орташа жылдық деңгейдегі көрсеткіштің кемуі 5,4 пайыз болды.  Соңғы 5 жылдың ішінде республикадағы жалдамалы жұмысшылардың ең көп саны 2015 жылы 3,6 млн адам болып тіркелді.

2017 жылдың 2 тоқсанында Қазақстанның не бәрі 2 өңірінде ғана нақты жалақы өсімі тіркелді. Олар: Ақтөбе (1,3 пайыз) және Маңғыстау (0,8) облыстары. Сәуір-маусымда жалақының сатып алу қабілетінің барынша қысқаруын Атырау тұрғындары сезінді. Бұл өңірде нақты жалақы 2016 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда бірден 13,3 пайызды құлады. Астанада жұмысшылардың жалақысы 0,1 пайызға кеміді. Ал Алматыда нақты жалақының құлдырауы жылдық мәнде 5,2 пайызды құрады.

Ағымдағы жылы Қазақстанда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы басталады. Бағдарлама 2021 жылға дейін жұмыс істейді. Ол жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға қысқарады деп күтілуде.