Фото: видеодан кадр
Елімізде ұзақ жолда тынықпай тізгінде отыратын автобус және жүк көлігінің жүргізушілеріне жаппай айыппұл салынуда. Олар төрт миллион теңгеден астам айыппұл арқалаған. Көлік министрлігі трассаларда рейдтік шаралар жалғасатынын ескертті. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушілеріне 9 сағаттан артық жүруге болмайды. Олар 4,5 сағат сайын 45 минут демалу керек. Ал ережені елемеген жүргізушілер көліктегі тахограф құрылғысы арқылы белгілі болған.
Автобустар мен жүк көліктеріндегі бұл құрылғы автомобильдің жылдамдығын, жүріп өткен жолын анықтауға мүмкіндік береді. Ал автобус тізгіндейтін азаматтар өздерінің үзіліс жасайтынын, керісінше күні-түні адам таситын такси жүргізушілерін қатаң бақылау керек екенін айтты.
"Біз уақытымен демаламыз. Халықты аман-есен қалаға жеткізу ғой мақсатымыз. Сол үшін демалып жүреміз", "Мысалы Алматы бағытына екі жүргізуші болады. Әрқайсысының бөлек жол қағазы, медициналық бақылау қағазы болады. Индрайверде жүретіндерде алыс жолға бір шофер болады. Өйткені оларда орын аз. Екінші шофер алмайды. Соларды тексерсін", – деді жүргізушілер.