Фото: pexel.com
Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев Қазақстан Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазақстанның заңнамасына сәйкес, Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалардың енді елде өкілі болуға міндетті.
Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл контентті бақылауды арттырудың маңызды қадамы.
Айта кетейік, Telegram - кроссплатформалық мессенджер. 2013 жылы Павел мен Николай Дуровтар негізін қалаған. Қолданба мәтіндік, дауыстық және бейне хабарламалар, сондай-ақ көптеген форматтағы стикерлер, фотосуреттер және файлдар бөлісуге мүмкіндік береді.