01 там, 2019 сағат 14:30

Қазақстанда тауар белгісін тіркеуші-бот жұмыс жасайды


Елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында тауар белгісін тіркеуші-бот өз жұмысын бастады. PatentBot платформасы тауар белгісінің тіркелген не тіркелмегендігін тегін анықтауға және тіркелуге өтініш беруге мүмкіндік береді.

Аталмыш тіркеуші-бот Қазақстаннан бөлек, Ресей, Белоруссия және Қытайда жұмыс істейді. Сол арқылы тауар белгісін тегін тексеруге және оның иеленушісі бар-жоғын оңай анықтауға болады.

Қолданушы мессенджерден шықпай-ақ, іздеуден бастап төлемге дейінгі барлық процесті 7-10 минут аралығында жасай алады. Нақтырақ айтсақ, қажетті мәліметтер толықтай енгізіліп, тіркеу жұмыстары талапқа сай орындалғанан кейін төлем жасалады. Төлем жасалғаннан кейін авторизация расталады. Бұдан соң бэк-кеңсе орталыққа өтініш беру мүмкіндігін қарастыра бастайды. Ал аталмыш бот пайдаланушыны тауар белгісі туралы мәліметпен қамтамасыз етеді. Осы кезеңдерде тапсырыс беруші уақыттың 80%-ын үнемдей алады. Блокчейнді өз қызметтеріне біріктіру авторлық құқықты қорғауға және оның күрделі жүйесін жеңілдетуге көмектеседі.

«Біздің басты мақсат – кез келген пайдаланушыға жүйе арқылы қай елде болмасын, өзінің сауда маркасын бірнеше минут ішінде тіркеуге мүмкіндік жасау. Бұл платформа пайдаланушылардың алдағы уақытта әлемдік нарыққа шығуына өз септігін тигізеді», - дейді PatentBot негізін қалаушы Наталья Владимирова.

Айта кетсек, платформа алғаш рет 2017 жылы АҚШ пен Украинада қолданысқа енді. Ал 2018 жылдың сәуірінен бастап Еуроодақ елдерінде және Таяу Шығыста сынақ режимінде жұмыс істей бастады. Осы екі жыл аралығында боттың көмегімен тауар белгісін алуға 1000-нан астам өтініш берілген. 2018 жылдың қаңтарында PatentBot америкалық ProductHunt платформасының нұсқасы бойынша «Жыл боты» деп танылды. 2019 жылдың маусым айында жобаға жаңа инвестиция тартылып, компанияның ішкі өнімі арта түсті.