Фото: ©️ Tengrinews.kz
Жиделі-Бірлік аралығында пойыз адамдарды басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Желідегі мәлімет бойынша, екі теміржол қызметкері қаза тапқан.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, 21 қаңтарда сағат 7:27-де Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында жазатайым оқиға болған. Салдарынан екі қызметкер қаза болды.
Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқан, алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.
"Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тексеру басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және оларға қажетті көмек көрсетеді", - делінген ресми жауапта.